Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы – заман талабына сай қабылданған маңызды құжат. «Жасанды интеллек дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдау – еліміздің технологиялық болашағына бағытталған нақты әрі жүйелі стратегиялық бағдар.
Мемлекет басшысы өз сөзінде ел алдында тұрған өзекті мәселелерді айқын атап өтіп, оларды шешудің заманауи жолдарын ұсынды. Әсіресе жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік, ІТ мамандарын даярлау сынды салаларға баса мән берілуі – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы батыл шешім.
Бұл Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне бастар жол. Ол тек мемлекеттік құрылымдарға емес, әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейді. Ең бастысы – цифрлық жаңғырудың игілігін бүкіл халық сезінуі тиіс.
Д.Нұрлыбай,
кент тұрғыны