ТАПСЫРМАҒА ҰҚЫПТЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

ТАПСЫРМАҒА ҰҚЫПТЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
(0 Votes)

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде 2025 жылы Индер ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Аталған тапсырма аясында Есбол ауылдық округінде де округ әкімінің үстімздегі жылғы 4 наурыздағы  өкіміне сәйкес тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 6 жұмыс тобы құрылыпты.

-Ауласында құрылыс материалдарын немесе өзге де заттарды жинаған 41 азаматқа ауызша ескерту берілді. Жыл басынан бері 12 сенбілік өткізіліп, зираттар, Жайық өзені жағалауы, 3 жасыл желек аумағы және 1 саябақ тазартылды. Нәтижесінде 126 қураған ағаш кесіліп, 87 тонна қоқыс шығарылды. Сенбіліктерге барлығы 1258 адам және 16 техника бірлігі жұмылдырылды. Көктемгі тазалық барысында Есбол және Ынтымақ ауылдарындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ауыр техникамен тазаланып, тегістелді. Көшелерде орналасқан 17 баннер жаңартылып, боздақтар ескерткішіне ағымдағы жөндеу жүргізілді,-дейді округ әкім Асхат Тілекқабыл.

Сондай-ақ саябақтарға жаңадан 120 тал  отырғызылса  Махамбет көшесі бойына  жасыл желек қоршауы орнатылыпты. Осылайша экологиялық таза елді мекен атануды көздеген есболдықтар мемлекет басшысының тапсырмасына ұқыптылық танытып отыр.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT