Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажеттігі баса айтылды. Бұл салаға бөлініп жатқан қомақты қаражат – мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор қолдаудың айғағы. Алайда, маңыздысы – сол ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалану.
Агроөнеркәсіптегі инвестициялық жобалар мен цифрландыру үдерісі салаға серпін беруде. Үздік агрокәсіпорындардың тәжірибесін тарату – ауыл шаруашылығында тұрақты даму мен инновацияны қамтамасыз етудің нақты жолы.
Ауылдағы өндірістен сөреге дейінгі тұтас жүйені қалыптастыру – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетін арттырады. Бұл – бүкіл ауыл шаруашылығының жаңаша даму кезеңінің басталуы.
Ж.Мырза,
кент тұрғыны