Жансель Дениз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

(0 Votes)

24-27 маусым күндері Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтуде.

73 келі салмақта Жансель Дениз турнирді жартылай финалдан бастап, бұл кезеңде ливандық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Дегенмен, финалда ирандық спортшының мерейі үстем болды - 0:2. Осылайша, Дениз күміс медаль иеленді.

Айта кету керек, атыраулық спортшы 2021 жылы Ливанда өткен құрлық чемпионатында да күміс жүлде жеңіп алған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521