Атырауда БАҚ өкілдері арасында спорттық жарыс өтті

(0 Votes)

28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен футзалдан Тауман Амандосов атындағы ауыспалы кубок және волейболдан жарыс өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тартысқа толы спорттық шарада жалпы саны 11 команда бақ сынады.

Футболдан жалпы есепте «CaspianNews» командасы 3-орынға табан тіреді.«Атырау-Акпарат» құрамасы кестенің 2-сатысына жайғасты. Ал «Тауман» құрамасы екінші жыл жеңіс тұғырынан көрініп, І орынды иеленді.

Атырау облыстық бас редакторлар клубының Т. Амандосов атындағы ауыспалы кубогы клубтың ұйымдастыруымен екінші рет өтіп отыр. Кубок «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратындағы клуб музейінде сақталады.

Аймақтық аралас волейболдан І орынға «CaspianNews» құрамасы, ІІ орынға облысымыздың мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларынан құралған «Баспасөз хатшылары» құрамасы ие болды. Ал ІІІ орынды «Ақжайық» құрамасы қанжығалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Хабар іздеуге…» атты 5 шақырымға жүгіруден Хабар агенттігінің Атыраудағы операторы Темірлан Сұлтанғазиев жеңімпаз атанды. Екінші орында Атырау телеарнасының қызметкері Абай Өтегенов, үшінші болып мәре сызығын Алмас Қабдолов кесіп өтті.

Ал әйелдер арасында жүгіруден І орынды «Ақ жайық» газетінің тілшілері Күнімай Күзембаева мен ІІ орынды Назым Елемесова иеленсе, ІІІ орын «Атырау облысындағы алғашқы біріккен газ-химиялық кешені» баспасөз хатшысы Нұргүл Хайруллинаға бұйырды.

Сондай-ақ, 50 жастан асқан БАҚ қызметкерлері арасында І орын Слухия Қаттарқызына, ІІ орын Алма Тұрғановаға және ІІІ орын Марина Қуанышеваға бұйырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521