Іскер әйелдер – іргелі істің басында

(0 Votes)

Аудандық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелеріне арнайы семинар ұйымдастырылды.

Жиынға Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаева, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлназ Едігеева, ауданның Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Балтагүл Едігеева, аудан бойынша Іскер әйелдер кеңесінің кураторы Салтанат Қуанова және ауданның нәзік жанды кәсіпкерлері қатысты.
Алдымен ауданға арнайы ат басын тіреген Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің басшылығы аудан әкімі Ринат Ибрагимовпен кездесіп, бірқатар мәселелерді қозғады.
Мәселен, аудандағы кеңестің қоғамның дамуы үшін атқарып жүрген қызметін айта келе, кеңес мүшелерін қоғамдық кеңестерге, комиссиялардың жұмыстарына, белсенді кәсіпкер әйелдерді әлеуметтік жобаларға қосуға және жергілікті өнімді қолдауға ықпал етуін аудан басшысының назарына ұсынды. Аудан әкімі Ринат Хисаұлы да бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатырғанын жеткізді.
Одан әрі іс сапар аудандағы кәсіпкер және жаңадан кәсібін бастағысы келетін әйелдермен еркін форматта өткен семинармен жалғасты. Қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген іскер әйелдердің басы қосылып, пікір алмасқан жиында кәсіп ашу және оны жүзеге асыру жөнінде ой айтылды.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және әйелдер бастамаларын қолдау, жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін табысты жобалар үлгісінде ісін ынталандыруды арттыру, әйелдер кәсіпкерлігінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылау мен түсіндіруді мақсат еткен кездесуде өз қызметінде елеулі жетістіктерге қол жеткізген аруларымыздың ерен үлгілері кеңінен насихатталды.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлнафис Жармұханбетова, орталықтың атқаратын жұмысы мен миссиясын, көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып, анкеталық сауалнамаларға кері байланыс алды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы таныстырған «Болашақ» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Жібек Бисенова әлеуметтік кәсіпкерліктің бүгіні мен ертеңін айта келе, қоғамға қандай пайда келетіндігін, жұмыс жасаудың қыр-сырын егжей-тегжейлі айтып өтті.
Ал, Атырау өңірінің танымал тектанушысы Назгүл Жақсымова бизнестегі әйелдердің психологиясы бойынша кеңес беріп өтті.
Аудандық Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары, «Айналайын баладан» қоғамдық қорынының төрайымы Эльмира Мусина, семинарға қатысушыларға өзінің бұл жолдағы тәжірибесімен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды пайдалану арқылы иновациялық істер жасауға толық мүмкіндік бар екендігін айтып өтті.
Еркін форматта өткен семинарға қатысушылар өз білімдерін толықтырып, жаңа серпін алып тарқасты десек те болады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521