Жаңашылдықты көздейтін кодекс

(0 Votes)

Мемлекет  басшысы 2020  жылғы 29 маусымда  сот қызметіне тың серпін беретін тағы бір заң Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Әкімшілік әділет» құруды көздейтін ілеспе заңға қол қойды. Кодекс азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітуді, жоғары тұрған орган мен сотта билік органдары дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеуді көздейді. 

Аптаның сейсенбісінде аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Жайкиннің төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жаңа кодексті жергілікті атқарушы органның қызметкерлеріне түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Жиынға арнайы Мақат аудандық сотының төрағасы Г.Чингисов қатысты.

kodeks-1

Алдымен, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Муканова мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерінің жүргізу мен қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін регламенттейтін заңнамалық актіні түсіндіріп, ондағы кейбір жаңашылдықтарға тоқталып өтті. Кодекс әкімшілік рәсімдер мен сот үрдісін қадағалап, жүргізу туралы екі бөліктен тұратынын хабарлап, бұл заң аясында әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің жасалу жолдары, рәсімделу ерекшеліктері және сот органдарына берілген жаңа өкілеттіктер мен құқықтарды айтып өтті.

Ал, аудандық сот төрағасы Ғ.Чингисов та жаңа кодекстің қабылдануымен енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды атап өтті. «Сот алдағы уақытта әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қалмайды.  Әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге құқылы»,-дейді ол.

kodeks

Кодекстің қабылдануымен енгізілген жаңалықтардың бірі республикамызда  21 жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот  құрылатындығы және соттың өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алатындығы. Сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

Осыған орай, ашық және еркін форматта өткен жиналыс барысында бірнеше ұсыныс-пікірлер талқыланып, қатысушылар тың мәліметтер алып тарқасты.

 

А.САДЫКОВ
Сурет автордан

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT