«SCRUM жиналыс әр өңірдегі жобалық кеңсе өкілдері мен қала және аудан әкімдерінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жауапкершіліктерін арттырады» - дейді «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Адиева.
Өткен жылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері бірқатар нәтижелерге қолжеткізді. Алайда, жобалық кеңсе тарапынан бірнеше рет өткізілген түсіндірме жұмыстарға және әдістемелік көмектерге қарамастан, жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тұрғындар алдындағы ашықтық, қолайлы орта қалыптастыру бағытында берілген ұсыныстарды орындауда немқұрайлық азаймай келеді, бірлескен жұмыс төменгі көрсеткішті көрсетті. Ал, әр жүргізілген зерделеудің нәтижесі болуы үшін мемлекеттік орган басшыларының қатысуы аса қажет.
Агенттік биылдан бастап әрбір өңірдегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жұмыс тиімділігіне бағалау жүргізетін болады. Осыған байланысты, 2021 жылы ашықтықты және есеп беруді қамтамасыз етуге бағытталған жобалық кеңсенің барлық басым бағыттары бойынша күш-жігерді біріктіруге салалы басқарма, бөлім және қала мен аудан басшылары ынтымақтастыққа шақырылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Атырау өңірінде басталған Scrum кездесулер бүгінде өз нәтижесін бере бастады. Аталмыш жиналыс «Атырау Адалдық алаңы» жобасының кураторы болып белгіленген Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбековтың басшылығымен өткізіледі.
Наурыз және сәуір айларында өткізілген кездесулерде қала және 7 аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2020 жылы жүргізілген ішкі және сыртқы талдаулар мен қолайлы ортаны қалыптастыру жүйесі зерделеніп, 2021 жылы бұл бағытта атқарылатын жоспар жоба кураторымен бекітілді. С.Айдарбековтың тапсырмасына сәйкес тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру бағытында 2020 жылы жүзеге асырыла бастаған «Ашық әкімдік» жүйесін ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін 7 ауданған қарасты ауылдық округ әкімдіктеріне көшіру тапсырылды. Яғни, көп жылдан бері жөңдеу көрмей, әбден тозығы жеткен әкімдік ғимараттары опен спэйс форматына көшіріледі. Сонымен қатар, 7 ауданға қарасты ауылдық округтерде дәріхананың жоқтығы тұрғындар үшін қолайсыз екендігін баяндаған жоба жетекшісі А.Адиеваның ұсынысына сәйкес аудан әкімдеріне 2000-нан астап тұрғыны бар ауылдарда да әлеуметтік дәріхана ашу жұмысын қарастыруды тапсырды.
SCRUM кездесулер облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбектовтың басшылығымен жыл аяғына дейін ай сайын ұйымдастырылып отырады. Әр кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық қолайлы ортаны қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесі зерделенеді.
«Атырау Адалдық алаңы»