Қоғамның тұрақтылығы – заң мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Осы ретте айта кетейік, «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры, тыныштық пен әділеттің кепілі болып табылады.
Бұл жөнінде де ел Президенті бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек. Бүгінде патриотизм деген сөздің сипаты,мазмұны өзгеріп жатыр. Бұрын бұл ұғым
негізінен дәстүрлі құндылықтармен өлшенетін, тіл, мәдениет, руханият мәселесі ұлттық мүдденің өзегі ретіндесаналатын. Әрине, бұл дұрыс, әрқайсысы ұлт болмысының арқауы. Оны бізден ешкім тартып алмайды, оған алаңдауға еш негіз жоқ.
Иә, шын мәнінде,қоғамда заң үстемдігін, тәртіп пен мәдениетті орнықтыру әрбір азаматтың міндеті. Ел тыныштығын сақтау, бірлікті нығайту, жауапкершілікпен өмір сүру бүгінгі күннің басты талабы.
Салтанат Кенбаева,
аудандық соттар әкімшісінің бас маманы