Мәдениет пен спорт – жаңару кезеңінде

Мәдениет пен спорт – жаңару кезеңінде
(0 Votes)

Бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында мәдениет пен спорт саласына, әсіресе футболға қатысты нақты әрі батыл пікірлер айтылды.

«Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», – деп Мемлекет басшысы өнер адамдарының ел мәдениетін әлемге таныту жолындағы еңбегін жоғары бағалады. Бұл – мәдениет қайраткерлеріне деген құрметпен қатар, үлкен жауапкершіліктің де белгісі.

Алайда бұл қолдау заман талабына сай жаңа көзқараспен қатар жүруі тиіс. Қазіргі таңда тек дәстүрге сүйеніп қана қоймай, инновация мен креативтілікке бейімделу – мәдениет саласында табысты жұмыс істеудің басты шарты. Жаңа буын көрермен мен тыңдаушының сұранысына сай мазмұн ұсыну — уақыт талабы.

Футбол мәселесіне келсек, Президенттің клубтарды жекешелендіру бастамасын қолдауы – дер кезінде көтерілген маңызды мәселе. Бәсекеге қабілетті, кәсіби деңгейде дамитын футбол үшін оның коммерциялық жолмен жұмыс істеуі қажет. Мемлекеттік қолдаудан гөрі, кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуы арқылы футбол клубтары нарықтық тетіктермен жұмыс істей бастайды. Бұл – тек спорт емес, үлкен бизнес пен мәдени феномен. Әлем елдеріндегі тәжірибе де осы бағыттың тиімділігін дәлелдеп отыр.

Жалпы, мәдениет пен спорт саласындағы осы екі бастама – Қазақстанның ұлттық рухани және спорттық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдар. Бұл – елдің ішкі тұтастығы мен сыртқы имиджін қалыптастыратын стратегиялық салалар.

 

Әнуар Теңдібай,

Мақат БЖСМ футбол жаттықтырушысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT