Қыркүйектен бастап Отбасының цифрлық картасы жүзеге асырылады

(0 Votes)

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ішкі істер және Әділет министрліктерінің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен

Отбасының цифрлық картасын іске қосуға дайындық барысын талқылады. Жиналыс қорытындысы бойынша 1 қыркүйектен бастап Отбасының цифрлық картасын жекелеген мемлекеттік кепілдік түрлері бойынша пилотты түрде жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Отбасының цифрлық картасы – мемлекеттік кепілдіктер бойынша отбасының базасы. Ол әрбір отбасының құрамы мен әл-ауқат деңгейіне қарай мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Мәселен, бір жасқа толмаған баласы бар отбасы бала тууы бойынша берілетін жәрдемақы алуға құқылы. Кәмелет жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасы бала 18-ге толғанша ай сайын жәрдемақы алады. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы ала алады. Осындай мысалдар өте көп.

Отбасының цифрлық картасын енгізу мемлекет тағайындаған жәрдемақыларды проактивті форматта, яғни төлем алушының өтінішін күтпей беруді көздейді», - делінген Еңбек министрлігі мәліметінде. Отбасының цифрлық картасының жұмыс алгоритміне тоқталсақ, мемлекеттік кепілдік алуға құқығы бар отбасына Еңбек министрлігінен SMS-хабарлама жолданады. Онда азаматтың мемлекеттік кепілдік алуы мүмкін екені жазылады.

Бұдан бөлек, SMS-хабарламада азаматқа мемлекеттік кепілдікті проактивті форматта тағайындауға келісу немесе келіспеу құқығы беріледі. Егер азамат келіскен жағдайда, онда оған жәрдемақы тағайындалады. Ол кейін төлем алушының шотына түседі. Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде отбасының цифрлық картасы әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін Отбасының цифрлық картасын іске қосуды тапсырды.

 

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика