Атырауда 77 сотталушыға электронды білезік тағылады

(0 Votes)

Атырау облысында шартты мерзімге сотталғандар мен бас бостандығы шектелгендерді электронды білезік арқылы бақылау көзделіп отыр.

Электронды білезік 77 сотталушыға тағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің инспекторы Жарқынай Бақтиярованың мәліметіне сүйенсек, қазір пробация қызметінің есебінде 1 100 сотталушы бар.

«Электронды білезік шартты мерзімге немесе бас бостандығын шектеуге сотталғандардың қозғалысын бақылау үшін қолданылады. Жаңа құрылғы бірінші кезекте жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатындарға тағылады. Қазір Атырау облысында электронды білезікті шартты мерзімге сотталған, не бас бостандығы шектелген 77 адамға тағу көзделіп отыр. Оның ішінде 30 сотталушы Атырау қаласында тұрады», -дейді Жарқынай Бақтиярова.

Қазір департамент қызметкерлері пробация қызметінің бақылауындағы азаматтардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін осындай білезікті қолдануды бастады.

«Бұл үшін қызметкерлердің смартфоны мен қызметтік планшетінде мобильді қосымша орнатылды. Электронды білезік – су өткізбейтін, шаңға төзімді әрі гипоаллергенді құрал. Білезіктің қуаты таусылса, оны алып тастауға немесе сындыруға әрекет жасалса, құрылғы белгі береді. Заңдылыққа сәйкес шартты мерзімге немесе бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін тұрғылықты мекенжайында болуға тиіс. Енді бұл талаптың сақталуын қадағалауға электронды бақылау білезігі көмектеседі», -дейді Жарқынай Бақтиярова.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521