Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауды ұсынған болатын.
Президенттің бұл үндеуі ұлттық қорды елдің тұрақты дамуының басты тетігіне айналдыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Ол инвестициялық саясатта ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етіп, салықтық жеңілдіктерді тек стратегиялық маңызы бар жобаларға беру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту арқылы Қазақстанға сенімді капитал тартуға жағдай жасалмақ.
Жалпы, бұл бастама ұлттық қордың болашақ ұрпақ үшін берік қаржылық тірекке айналуына ықпал етеді.
Сәбит Халенов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы