Бүгін “Amanat” партиясының аудандық филиалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараға “Мақат” бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.
Басқосу барысында Жолдауда көтерілген маңызды мәселелер, соның ішінде жасанды интеллектті дамыту, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларды кеңінен талқыланды.
Жалпы, жолдауда көрсетілген реформалар елдің болашағын айқындайтын маңызды бағдар.
Мұндағы әр бастама - қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Айбол Долдашев,
“Amanat” партиясының аудандық филиалының төрағасы