«Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендер көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендер көркейіп келеді
(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде кең көлемде қолға алынып, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты жақсарту бағытында нақты істер жүзеге асырылуда. Аталған акция аясында Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық ауылдық округінде де бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, округ аумағында апатты жағдайда тұрған, адам өміріне қауіп төндіретін бірнеше тұрғын үй бұзылып, олардың орындары мұқият тазартылып, тегістелді. Бұл – тек көзге көрінетін көркейту шарасы ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған игі қадам.

Бұзылған үйлер – көп жылдан бері қаңырап бос тұрған, ескі әрі тозығы жеткен нысандар. Олар ауылдың жалпы келбетіне кері әсер етіп қана қоймай, балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігіне де нұқсан келтіретін. Сондықтан бұл жұмыстар дер кезінде қолға алынып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға сеп болды.

Мұндай бастамалар елді мекеннің эстетикалық бейнесін жаңғыртып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да оң ықпал етеді. Алдағы уақытта "Таза Қазақстан" акциясы аясында осындай жұмыстар өз жалғасын тауып, елді мекендерді көркейтуге бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT