АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 300ГЕ ЖУЫҚ ӘЙЕЛІ STEM HANYM ЖОБАСЫНДА СЕРТИФИКАТТАЛҒАН РОБОТОТЕХНИКА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ АТАНАДЫ

(0 Votes)

"USTEM Foundation" қоғамдық қоры "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қоры мен "ExxonMobil" компаниясының қолдауымен ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірегей STEM Hanym білім беру бастамасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. 29 қыркүйекте Атырау облысының бес өңірінен, атап айтқанда Атырау және Құлсары қалаларынан, сондай-ақ Мақат, Құрманғазы және Махамбет ауылдарынан 300 әйел үшін күндізгі оқыту басталады. Бұл бағдарлама STEM бағыттарында дамып, білімін өскелең ұрпақпен бөліскісі келетін әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашуға арналған. Жобаға деген қызығушылық өте жоғары болды: жалпы саны мыңнан астан әйелі өтініш беріп, оның ішінен онлайн іріктеу кезеңінің нәтижесінде ең ынталы 300 қатысушы іріктеліп алынды. Олардың арасында педагогикалық факультеттердің студенттері, жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілері, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар әйелдер және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар бар. Бағдарламаның қарқынды форматына 30 сағаттық семинарлар мен хакатон кіреді, бұл қатысушыларға теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар командалық режимде жобалармен жұмыс істеу арқылы оны бірден практикада қолдануға мүмкіндік береді. Курс әлемде танымал, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 514 бұйрығына енген FIRST халықаралық әдістемесіне негізделген. Бұл әйелдерге LEGO Education жиынтықтарымен жұмыс істеуді және роботтарды бағдарламалау негіздерін үйренуге, сыни және инженерлік ойлауды дамытуға, сондай-ақ командада жұмыс істеу және нақты жаһандықмәселелерді шешу сияқты маңызды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама қорытындысы бойынша ең талантты түлектер FIRST LEGO League жарыстарына қатысу үшін жеке жиынтықтар алады. Бұл оларға білім алуды жалғастыруға, жас инженерлер командаларын құруға және республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі болашақ жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді. БАҚ үшін байланыс ақпараты: Мадина Мадреймова "USTEM Foundation" баспасөз хатшысы Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. Телефон: +7 701 937 1010

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT