Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Шетелдікті шақырту" қызметін электрон форматқа көшірді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, виза жасату процедурасы әрбір шетелдікті әуреге салады - құжат жинау, Қазақстан елшілігіне келіп, құжаттарды күтіп, 30 немесе одан да көп күнге жалғасатын уақытты күту. Ал енді бұл қызметті онлайн пайдаланып, визаны 5 күнде визалық-көші-қон порталынан алуға болады.
Мұнда жеке кабинетте мына деректерді толтыру қажет:
- өтінішті толтырып, шетелдікке қатысты мәліметтерді жазып шығу;
- электронды үкімет арқылы мемлекеттік баж салығын (әр адамға 0,5 АЕК-тен) төлеу;
- 5 күннен соң жеке кабинетіңізде 10 саннан тұратын тіркеу нөмірі тұрады, сол нөмірді шетелдікке жолдау керек болады;
- осыдан кейін шетелдік визалық-көші-қон порталда өтініш толтырады да, оған 15 минут ішінде электронды виза жолданады;
- сол визаны басып шығарып, Қазақстан шекарасында паспорт бақылауынан өткенде көрсетуге болады.
Дереккөз: Tengrinews.kz