«Ойнаймын» деп опық жемеңіз

(0 Votes)

Жаңа жылды от шашусыз елестету мүмкін емес. Ал мереке қарсаңында пиротехникалық заттардың саудасы қыза түсетіні белгілі. Сол тауарлардың сапасы қандай? Сертификаттары бар ма? Мұны аудан полицейлері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы аясында ұйымдастырылған рейд барысында тексерді.

Аудандық Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті полиция бірлесе ұйымдастырған шарада алдымен Х.Санбаев атындағы орта мектебінде ұстаздар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

img_3675

Жиын барысында пиротехникалық бұйымдарды кәмелетке толмағандардың қолдануына жол бермеу және өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары айтылды. Пиротехникаларды қолдану кезінде жеке қауіпсіздікті сақтау туралы арнайы бейнежазбалар көрсетілді. Сондай-ақ, жиын барысында өрт қауіпсіздігі ережелері туралы арнайы жадынамалар таратылып, өрт сөндіру құралын дұрыс қолдану бойынша нұсқаулықтар айтылды. Полиция капитаны Гүлбану Қуанарқызы тақырып бойынша баяндама жасады. Ал аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аслан Камалов жыл басынан бері облыс бойынша 259 өрт тіркелсе, оның 13-і ауданға тиесілі екенін айтты. Мерекелік іс-шаралар кезінде пиротехникалық өнімдердің кесірінен болатын өрттер соңғы үш жылда ауданда тіркелмеген.

                                   img_3680                                                                      

Бүгінгі күні сауда нүктелерінде пиротехникалық заттардың саудасы қызған шағы. Қауіпті құралдар мерекенің сәнін ашады. Бірақ алапат өрттің шығуына себеп болу қаупі тағы бар. Осыны қаперге алған Төтенше жағдайлар және Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Барыс» базары және «Ару» сауда орындарына алғашқы рейд жұмыстарын жүргізді.

img_3685

Рейд барысында құқық бұзушылықтар орын алды ма? Бұл туралы толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!              

 

Мөлдір Ізтұрғанова

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521