Өз бетімен салынған құрылысқа меншік ету

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының берілген тапсырмасына сәйкес аудандық сотта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244-бабының ережелерін, яғни өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану санатындағы істерді қарау тәжірибесінде туындаған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Мақат кенті, Бәйге төбе ауылдық округінің әкімдері, аудан әкімдігінің, аудандық жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның өкілдері қатысты.

Шара барысында аудандық сот төрағасы Ғ.Шыңғысов семинарға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жасалынған  өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану санатындағы азаматтық істерді қарау тәжірибесін қорытумен таныстырып, Республика бойынша жасақталған шолуда аталған санаттағы азаматтық істерді қарау барысында орын алған мәселелерге тоқталды.

Оның ішінде Азаматтық кодексімен және жер кодексінің, азаматтық-процестік заңнамасының қолданылуына тоқталып кетті. Оның ішінде талап қоюмен жүгіну, істі қарауға тартылуға жататын тұлғалар, материалдық құқықтар нормаларын қолдану, дәлелдемелер және дәлелдеу, өз бетімен салынған құрылысты бұздыру мәселелері сөз болды.

Өз кезегінде  семинарға қатысушы жергілікті атқарушы орган өкілдері өз тәжірибесінде орын алған сұрақтарын қойып, сұрақтарына толыққанды тиісті жауап алды.

Аудандық сот төрағасы өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану санатындағы істерді қарау тәжірибесімен бөлісті.

 

С.Кенбаева,

аудандық соттың

   кеңсе бас маманы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521