«Қазгидромет» РМК 5 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз жекелеген аумақта шаңды дауыл, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел болжанады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз жекелеген аумақта шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с артуы ықтимал.
Ақмола облысының батысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз жекелеген аумақтарда 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жекелеген аумақта шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Шымкент қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңернең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.
Сурет: ашық дереккөз