Ауданға қосымша 600 доза вакцина жеткізілді

(0 Votes)

4 мамыр күні ауданға коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының 600 дозасы жеткізіліп, екпе алу жұмыстары қызу  жалғасуда. Екпе жетісімен,  50 тұрғын ерікті түрде вакцина қабылдады.  Ал жалпы, ағымдағы жылдың ақпан айынан бері 633 адам аудан тұрғыны екпе қабылдап үлгерген.

Қазіргі уақытта өтініш білдіргендерге аудандық орталық ауруханада екпе салуда. Екпе салдырту ерікті түрде, тегін, 18 жастан асқандарға салынады. Вакцина егу демалыссыз  сағат 08:00- 21:00 аралығында жүргізіледі.

Мекен-жайы: Мақат ауданы, Мақат кенті,  42-бөлімше,  Егемен көшесі, 27 ғимарат,  аудандық орталық емхана, 2 қабат, 48 кабинет.   WhatsApp желісі арқылы +7 777 847 44 24 .
Доссор кенті,  Қ. Жандауов  көшесі, 1 ғимарат,  Доссор селолық  емхана, 2 қабат, 29 кабинет.  WhatsApp желісі арқылы +7 778 248 98 28 .


Мақат аудандық әкімшілігі аппараты

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521