Екпе алған қазақстандықтарды қандай жеңілдіктер күтеді?

(0 Votes)

Вакциналанған адамдар вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғанына қарамастан оқшауланбайды. Бірақ дәрігердің бақылауында болады.

Вакциналаудың толық курсынан өткен қазақстандықтар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойған еді.

«COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алғандардан ауруханаға кез келген себеппен жатқан кезде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, еңбек демалысынан, іссапардан келген, денсаулығына байланысты жұмыс орнында болмаған вахталық жұмысшылар мен медицина қызметкерлерінен, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерінен, сондай-ақ басқа адамдардан ПТР-тест талап етілмейді», – деді Цой үкімет отырысында.

Сонымен қатар, вакциналанған адамдар вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғанына қарамастан оқшауланбайды. Бірақ дәрігердің бақылауында болады.

Вакцина салдырған кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс режиміне көшірілмейді.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT