Серік Шәпкенов қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады

(0 Votes)

 М.Өтемісұлы атындағы академиялық-қазақ драма театрында өткен салтанатты шарада аймақ басшысы Серік Шәпкенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, бірқатар марапат табыс етті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 - Жыл он екі ай тынымсыз тірлік пен қажырлы еңбектің жүгін арқалап, сөйте жүріп сұлу да нәзік боп қалудың сырын меңгерген әйел заты - Жаратылыстың ең жұмбақ туындысы. Содан болар, дана халқымыз сұлулықтың, мейірімділіктің, ақылдылықтың ұшқынын айналасына дарыта білген қыз баланы айрықша ардақтап, аса қамқорлықпен қараған. Бесікті тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін - әйел, келін, ана. Елдің келешегі жас ұрпақ болса, сол ұрпақтың кім болып жетілері - сіздердің қолыңызда. Махаббат пен мейірім, адалдық пен төзімділік арқылы әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сіздерге терең құрметімді білдіремін,-деді Серік Шәпкенов.

Салтанаатты жиында ҚР Президентінің 2025 жылғы 3 наурыздағы №804   «ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығымен еңбек ардагерлері Айжан Изимова мен Руза Үмбетова «Құрмет» орденімен және Атырау облысы әкімі аппаратының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Зәмзагүл Жалмурзина мен жеке кәсіпкер Бибігүл Ізбасова «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Аймақ басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін Қызылқоға ауданының тұрғыны Гүлмира Ақбатыроваға, «Кәсіби таңдау» ЖШС маманы Құралай Жолдыбаеваға, Жылыой аудандық бөбекжай тәрбиешісі Марта Тәженоваға, Махамбет ауданының тұрғыны Алтын Хамидуллинаға «Алтын алқа» табыс етті.

Сонымен қатар алты бала туып, тәрбиелегені үшін «Күміс алқа» Индер аудандық орта мектеп мұғалімі Мадина Дәуленоваға, Құрманғазы аудандық ауруханасының акушері Раушан Жаймаханбетоваға, Исатай аудандық ауруханасының мейіргері Назым Қажиденоваға, Мақат ауданының тұрғыны Индира Көккөзоваға, Атырау қалалық 36 орта мектеп мұғалімі Самал Махамбетоваға және Жылыой аудандық орта мектеп мұғалімі Бибінұр Тайлановаға берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауы АМӨЗ химиялық талдау зертханашысы Гүлжан Әлмұханова мен Құлсары теміржол станциясының жүк іздестіру агенті Сара Сатқанова берілді.

Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматша облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шара Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері — Жұбаныш Жексенұлы мен Елена Әбдіхалықова, сондай-ақ жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT