Облыста жеке кәсіппен айналысатынын тіркеген әйелдердің саны 32 мыңнан асты

(0 Votes)

 Атырау облысында кәсіпкер әйелдерді қолдау шаралары кеңейтілуде. Өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі артып келеді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 2025 жылы өңірде 56 мыңға жуық дара кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 58%-ы, яғни, 32 мыңнан астамы әйелдерге тиесілі болып шықты.

- Қаржылай қолдау шараларына тоқталсақ, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 2024 жылы 400 кәсіпкер әйел қолдау алды. Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік қайтарымсыз гранттар бағдарламасы аясында 2024 жылы 16 кәсіпкер қолдау тапты, оның 14-і — әйелдер. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалымен 2024 жылы 174 кәсіпкерге қолдау көрсетілді, оның 71-і — әйелдер. «Бизнес-аймақ» өңірлік бағдарламасы арқылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлініп, нәтижесінде кәсіпкер әйелдердің 17 жобасы қаржыландырылды,- деді Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Сәттіғұл Сабыров.

Қаржылай емес қолдау шаралары:

• «Томирис» ақпараттық білім беру жобасы облыс әкімдігінің қолдауымен іске асырылып, 2024 жылы 50 әйел көшбасшылыққа даярланды.

• «Мен кәсіпкер» бағдарламасы аясында бизнестің негізгі құралдарын үйрету арқылы 2024 жылы 103 әйел кәсіпкер оқытылды.

• Сервистік қызмет көрсету бойынша 2024 жылы 571 кәсіпкерлік субъектісіне 583 сервистік қызмет көрсетілді, оның 267-сі — әйел кәсіпкерлер.

«Бұл шаралар өңірдегі кәсіпкер әйелдердің белсенділігін арттырып, экономикалық дамуға қосқан үлестерін нығайтуда» деді С.Сабыров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT