Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

(0 Votes)

Ардақты аналар, аяулы арулар, қадірлі қарындастар!

Сіздерді шуақты көктемнің ең шұғылалы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Адамзаттың бойындағы бар жақсылық Ананың сүтімен сіңеді, жер бетіндегі тіршілік атаулының мәні Ана жүрегіндегі шапағат сезімі арқылы шырайлана түседі.

Сіздер жас ұрпақтың бойына адалдық пен отансүйгіштік секілді асыл қасиеттерді дарытып жүрсіздер. Отбасы ұйтқысы болумен бірге, мемлекет пен қоғам алдында қол жеткізген тамаша жетістіктеріңіз өте көп.

Қай мамандық иесі болса да, әйел – бар уақытта да мейірім мен сезімталдық, шексіз түсіністік пен даналық, шалқар шабыт пен рухани байлықтың асыл қазынасы.

Өңіріміздің дамуындағы Сіздер атқарып жатқан істі түгел тізіп шығу еш мүмкін емес. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында аянбай тер төгіп, облыстың қоғамдық-саяси өміріне білек сыбанып белсене араласып келесіздер.

Қолдауларыңыз бен игі ниеттеріңіз үшін шынайы ризашылық білдіремін, кез келген өмірлік жағдайда жүзіңізден күлкі кетпей, айналаңызға нұр шашып жүруге жазсын.

Төл мерекелеріңіз тек қуаныш әкелсін, көктемнің гүліндей құлпырып, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер!

Құрметпен, Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT