Аудан бюджетінің ашықтығы бақылауға алынбақ

(0 Votes)

«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Жеңісбек Еламанұлы жобалық кеңсенің облыстық және аудандағы өкілдеріне «Ашық бюджеттің интерактивті картасы»  (publicbudget.kz)  жобасымен жұмыс жасау бағыттарын түсіндірді.

2019 жылдан бастап  «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы»  жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба ақпаратқа қолжетімділікті оңтайландыру, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімдерін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстылықтың тікелей арнасын құру мақсатында құрылды.

Түсінік жұмысы аясында жоба арқылы аурухана,емхана, мектеп, балабақша, жол бюджетін бірыңғай платформада қол жеткізу, бюджеттің сәйкестілігіне көз жеткізу мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізудің реттілігі айтылды.

Бүгінде аудан бойынша картада 206 бюджет жарияланып,  өтініш ,шағым болған жоқ. Сонымен қатар енгізілген бюджеттің жалпы көлемі 37,2 млрд теңгені құрап отыр.

Осы айтулы жоба аясында, мақат ауданы бойынша атқарылған жұмыстар мен бөлінген қаражат арасындағы айырмашылықтарды болдырмау мақсатында үнемі  сәйкестілігіне  қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын боламыз.

”Атырау - адалдық алаңы” жобалық кеңcесінің Мақат ауданының өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT