Көктемгі-жазғы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты 2020 жылдың 11 наурызы сағ. 23.00-ден бастап 12 наурыз сағ. 10.00-ге дейін уақытша су тоқтатылатыны жөнінде "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ы Атырау қаласының, қала маңындағы елді мекендердің және Мақат ауданының барлық абоненттерінің қаперіне береді.
Сол кезде Мақат-Доссор Д-630мм магистралды су құбырының учаскесін, Контейнерный ықшам ауданы аумағындағы су құбырының учаскесін, сонымен қатар Атырау қаласының Су тазарту құрылғыларындағы Д-700мм ысырманы ауыстыру бойынша жұмыстар орындалады.
ҚР ҚНжЕ-не сәйкес құбырдың диаметрі 400мм-ден жоғары болған кезде жұмысты орындау уақыты 12 сағаттан бастап 18 сағатқа дейін болады. Ал, құбырды дезинфекциялау жағдай болса, жұмысты орындау уақыты тағыда 12 сағатқа ұлғаюы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.