Көрісу күні атыраулық жолаушылар автобуста тегін жүреді

(1 Vote)

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы автобустарда халықтық сипат ала бастаған Көрісу күні - 14 наурызда жолаушылар тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты бүгін Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

«Көрісу – ежелден халқымызда бар дәстүр. Оны қайта жаңғырту бәріміз үшін маңызды болмақ. Осыған орай Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға 14 наурыз –Көрісу күні қалаішілік маршруттарда жолаушыларды тегін тасымалдауға ұсыныс айтқан еді. Бұл ұсынысқа «Atyrau-Avtopark» ЖШС-ның басшылығы қолдау білдірді. Сөйтіп, бұл күні №1, 2, 4, 8, 12, 21, 22, 30а және 65-маршруттағы автобустарда жолаушылар тегін жүреді» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, ақсақал Аманғали Қайсағалиев көне заманнан бері қалыптасқан көрісу дәстүрі жөнінде тарқатып айтып берген болатын.

inform.kz

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT