Сақшылар сақтық шарасында белсенді

(0 Votes)

Кейбіріміз әр түрлі алып қашпа әңгімелердің құрсауынан шыға алмай  жүргенімізде екпе алудың екінші кезеңін көптеген қызметкерлер бастап үлгерді.Білім беру саласы мамандарының ізімен сақшыларымыз да сақтық шарасының қабылдаушылар қатарынан табыла білді.

Мақат АПБ-нің бір топ қызметкерлері - жергілікті полиция қызметінің басшысы, учаскелік инспекторлар, жол патрульдік полиция тобының инспекторлары "COVID-19" инфекциясына қарсы вакцинациялаудан өтті. Белгіленген тәртіп біреу-ақ. Үш күннің ішінде суға түсуге, ішімдік ішуге болмайды. Ал,  дене температурасының көтерілуі - қалыпты жағдай.

ekpee-rovd

Екпе қабылдағаннан кейін жарты сағат дәрігердің бақылауында болған тәртіп сақшыларының денсаулығы қалыпты. 

Еске сала кетейік, ресейлік "Спутник V" вакцинасын бүгінгі таңда 50-ден астам мемлекет қолданып үлгерген.


А.САДЫКОВ 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521