Аудан әкімі мақаттықтарды наурыз мерекесімен құттықтады

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңінен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Бүкіл табиғат атаулы құлпырып, сұлу далаға көрік беретін, барлық адамзат қуанып қарсы алатын Наурыз елімізге береке, халқымызға жақсылықтар әкелсін.

Ұлыстың ұлы күні халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілеймін.

Шәкір Кейкин,

Мақат ауданының әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521