Теміржолдан төсеншелер ұрланды

(0 Votes)

Мақат стансасының бойында орналасқан теміржолдан 124 дана төсенше және 496 дана төсеншелерді бекітуге арналған арнайы шегелер ұрланғаны белгілі болды.

Мақат стансасының желілік полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Т. есімді жергілікті тұрғын ұсталды. Орын алған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөлігі «бөтеннің мүлкін ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушыға ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Қылмыскерлер мұндай іс-әрекетке пайдакүнемдік мақсатпен баратындығы мәлім. Теміржол аса қауіпті аймақ болғандықтан, теміржол қосалқы құралдарын ұрлау жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысына орасан зор қауіп келтіреді. Сондықтан пойыздар көздеген бағытына қауіпсіз жетулері үшін теріс іс-әрекетке бармауыңыз сұралады», - дейді Мақат теміржол стансасының желілік полиция бөлімшесінің бастығы Ернұр Құлманов.

                                                                                                   А.Есжан

Сурет:ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT