«Салық мөлшерлемесінің өскені – балабақша мен мектептің көбейгені деп түсінуіміз қажет»

«Салық мөлшерлемесінің өскені – балабақша мен мектептің көбейгені деп түсінуіміз қажет»
(0 Votes)

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шежірелі өлке – бурабайда өтіп жатқан IV ұлттық құрылтайда салық мәселесіне айрықша тоқталды. Шыны керек, қазір өңір кәсіпкерлерін алаңдатып отырған да осы — жаңа салық жүйесі. 

Жалпы, біздің кәсіппен айналыса бастағанымызға көп уақыт өте қойған жоқ. Үй алдындағы дүкеніміздің көше тұрғындарына тұрақты қызмет етіп келе жатқанына биыл екі жылға жуықтады. Осынау уақыт аралығында біз біраз нәрсені ұқтық. Егер табысыңды адал жолмен тауып, салықты уақытылы төлеп отырсаң ешкім де ештеңе демейді. Оның үстіне, біздің дүкеніміз секілді шағын кәсіп иелері қосымша құн салығын төлемейді деген ұсыныс айтылғанына қуанып қалдық. «Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онданегізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген. Кәсіби мамандар да, жалпы жұртшылық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен ұсынылған шараларға, соның ішінде, қосымша құн салығынақатысты сын-пікірлер де естіліп қалады. Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген.

Түрлі себепке байланысты өзіне ауқымды әлеуметтік міндеттеме алмайтын елдер аз емес. Ал Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбіәлеуметтік саланың еншісінде.

Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтанбілім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмеккөрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдықберілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұлқажет шара екені айдан анық. Үкімет осы жылдыңсоңына дейін оны қалай оңтайландыру керектігін біржола анықтап алуға тиіс»,-деді Президент.
Шынында да, бұл реформа қазынаны толықтыруға бағытталып отыр. Ал бюджеттің көбейгені – өзімізде мектеп пен балабақшаның көбейгені, инфрақұрылымның жақсара түскені деп қабылдауымыз керек. 

Асылбек ҚАДЫРБАЕВ, 

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT