Ұрпақ қамы - ұлт қамы

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап берді.

Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды. Соның ішінде негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды. Ұлттық қор қаражатын пайдалануды азайту керектігін де қаперден қалыс қалдырмады. Бұл төңірегінде: «Қалыптасқан проблемаларды шешу үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды тоқтату керек. Бұл - болашақ ұрпаққа арналған қаражат. Ұлттық қордан трансферттер бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларға ғана бөлінуі керек»  деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. «Ұрпақ қамы - ұлт қамы»,-деген халқымыздың бақыты баянды болуына бұл жолдаудың берері мол деп түсінеміз.

Ә.Мендалиева,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT