Биылғы Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауында айтылған оңтайлы шешімдер өте көп. Соның бірі ретінде, микро және шағын бизнеспен айналысушы кәсіпкерлер салық төлеуден 3 жылға босатылуы және 3 жылға дейін тексеруге тыйым салынатындығы айтылды.
Бұл ретте ел Президенті : «Микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызмет түрлерінен салық төлеуден 3 жылға босатудың заңнамалық базасын әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін 3 жылға дейін тексеруге тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді»,– деген еді.
Қазақ халқы болмысынан боламын деген баланың да белін буа білген. Сол ізден жаңылмай, жаңаша көзқараспен елдің дамуына атсалысып отырған кәсіпкерлерге жасалынып жатқан ерекше көмек деп білеміз. Еліміз дамыған үстіне дами берсін!
Асылбек Өтегенұлы,
жас кәсіпкер