Қызылқоғада тасқын су автожолдарды шайып жатыр

Қызылқоғада тасқын су автожолдарды шайып жатыр
(0 Votes)

Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Индер» тас жолының Миялы ауылынан 4 км қашықтықтағы Миялы Сағыз бойындағы тасжолдың үстінен су жүріп кетуіне байланысты, 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап көлік қозғалысы тоқталды. Қазіргі уақытта 1 маторлы қайықпен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аралықта тұрғындарды тасымал ұйымдастырылуда. 

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» облыстық маңызы бар тас жолды тасқын су шайып кетіп, әзірге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 10 Камаз, 2 погрузчик техникаларымен уақытша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолының Жасқайрат ауылынан 2 км қашықтықтағы «Жалаңаш көл» тұсындағы тасжолдың үстінен Ойыл өзенінің жайылмаға шыққан тасқын суы жүріп кетті. Су жүріп кеткен жердің ұзындығы 120-130 метр шамасында. Автокөлік қозғалысы шектелді.

Қызыл судан жырылған тас жолдар жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суы келу кезеңі өткен соң басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT