Құрманғазы ауданында өр суынан қорғану және жаға бекіту жұмыстары жүруде

(0 Votes)

 Құрманғазы ауданында өзендердің су басу қаупі бар жағалаулары мен сағалар анықталып, осал бөгеттерді бекіту жұмыстары басталды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта ауданда су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерінің аса қауіпті учаскелеріне Шортанбай, Көптоғай және Дыңғызыл ауылдық округі аумақтары кіреді. Аудан бойынша жалпы су тасқынына қарсы бөгеттердің ұзындығы 264 км (Қиғаш-158км, Шарон-106км). Барлық бөгеттердің техникалық төлқұжаттары жасақталып, ауылдық округтердің теңгеріміне алынды.

-Шортанбай, Көптоғай және Дыңғызыл ауылдық округіндегі аса қауіпті учаскелердің зерделу жұмыстарының нәтижесінде темір-бетонды құрылыс салу қажет деген шешім қабылданды. Қазіргі таңда жауапты мердігер мекеме «Tolagai-2050» ЖСШ-мен құрылыс жұмыстары басталып, Дыңғызыл бойынша - 120 шақырымға 450 тонна қап топырақ, Шортанбай бойынша - 200 шақырымға 400 тонна қап топырақ қойылды, ал Көптоғай ауылында 400 метр ұзындықтағы бөгеттің аласа жерлері көтерілді,- деді аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов.

Сондай-ақ орынбасардың айтуынша, төтенше жағдай орын алған кезде көшірілетін халықты орналастыру мақсатында ауданы әкімдігінің қаулысымен 26 эвакуациялық қабылдау пункті мен 5 эвакуациялаудың аралық пункттері бекітілді. Құрманғазы аудандық аграрлы-техникалық колледжі мен аудандық білім бөлімімен халықты орналастыру жөнінде келісім алынды.

-Көшірілетін халықты азық-түлікпен және эвакуация кезінде автокөліктермен, жанар-жағар май отынымен қамтамасыз ету жөнінде аудан кәсіпкерлерімен келісімшарттар жасалды. Қиғаш, Шарон өзендерінің деңгейлері туралы ақпарат «Казгидромет» РМК мекемесінен күнделікті алынып, аудандық штаб құрылып, мәселе аудан әкімінің бақылауында,- деді М.Хасанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT