Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі қызмет бағыттарының бірі азаматтардың құқығын қалпына келтіру болып табылады.
Аталған бағытта Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті бірқатар шараларды іске асыруда.
Оның ішінде, қызмет алушылардан түскен жолданымдарын құзырет шегінде қарау және жоспардан тыс бақылау, қашықтықтан бақылау сияқты шаралар іске асырылады.
Жыл басынан бері 30-дан астам шағым қаралып, Департамент қызметінің нәтижесінде қызмет алушылардың дәлелін тапқан 7 өтініштері бойынша құқығы қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, қызмет алушылардың «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қызметі бойынша қызмет беруші болып табылатын Жылыой ауданы әкімдігіне, «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметі бойынша негізгі мәліметтерде қателіктер кетуіне, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша ақпараттық жүйедегі ақаулықтар әсерінен қызмет алушыға қызмет көрсету мерзімі бұзылуы мәселесіне және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметі бойынша түсірілген шағымдарын қарау нәтижесінде жүзеге асырылған.
Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу бойынша қызмет алшының 4 өтініші негізінде бұзушылықтарға жол бергені үшін қызметті берушіге қысқартылған өндірісте 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (221 520 тг)айыппұл салынып, қызмет алушыға 4 жер учаскесіне құқықтар табысталды.
Жүргізуші куәліктерін беру қызметі бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірінде қате кетіп, Полиция департаментіне тиісті мәтінде хат жолданып, қызмет алушыға жүргізуші куәлігі берілді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша Департамент тарапынан тиісті хат жолданып, ақпараттық жүйенің ақаулығы қалпына келтіріліп, қызмет алушыға қызмет нәтижесі ұсынылды.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша қызмет алушының құжаттарында кеткен қателіктер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Бұл ретте, Департамент тарапынан қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру бағыты басты назарда.
Департамент басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Н. Еркебаев