Құрманғазы ауданында мыңнан астам көшет отырғызылды

Құрманғазы ауданында мыңнан астам көшет отырғызылды
(0 Votes)

 Ауданда Жаңару күні мерекесіне орай тал-терек отырғызылды. Бұл іске мемлекеттік орган қызметкерлері, белсенді жастар, табиғат жанашырлары және басқа да мекеме қызметкерлері жұмыла атсалысып, ауданның бірнеше ықшам ауданына мыңнан аса көшет екті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі қызметі. 

Акцияға  аудан бойынша 500-ден астам адам, 11 техника жұмылдырылды.

- Құрманғазы ауданында Жаңару күніне орай  терек егу акциясы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда аудан орталығы Құрылысшылар ықшам ауданына мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 700 тал-терек отырғызды. Сондай-ақ ауылдық округтерде ғимарат аумақтарына әрбір мекеме басшыларының қатысуымен теректер егілуде. Аталған талдарды күтіп-ұстау округ әкімдігі арқылы жүргізіледі,- деді Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT