Қомақты салық төлейді: Қазақстандағы ірі компанияларға 600-ден астам хабарлама жолданды

Қомақты салық төлейді: Қазақстандағы ірі компанияларға 600-ден астам хабарлама жолданды
Фото: Freepik
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ірі компанияларға салық сомасын әділетті түрде төлеткізу шешіміне қатысты түсінік берді.

Атап айтқанда, ақпан айының соңында Премьер-министр Олжас Бектенов ірі компанияларды екі апта ішінде салық органдарына қосымша салық декларацияларын тапсыруға және әділетті салық сомасын төлеуге шақырған еді.

- Берілген мерзімі осы аптада аяқталады. Біз әрбір салық төлеушімен жұмыс істедік. Бүгінгі күні оларға 633 хабарлама тараттық, оның 172-сі құрылыс саласына қатысты. Жұмыс жалғасып жатыр, таяу күндері нәтижесін жариялаймыз», - деді Е. Біржанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте вице-министр ірі компаниялардың мемлекетке қарыз сомасын нақты жарияламады.

- Олар қазір салыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр және төлем жасайды. Ақпаратты осы аптада жариялаймыз, - деді ол.

Еске салсақ, биыл 28 ақпанда Премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізді. Салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Осы орайда Үкімет басшысы кәсіпкерлерді екі аптада салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT