Наурыз айының 12-18 күндері аралығында Мақат теміржол стансасының қызмет ету аумағы бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның басты мақсаты қылмыстық әрекеттің жолын кесу және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау болып табылады.
Сонымен қатар наурыздың 15-17 күндерінде «Қадағалаусыз жасөспірім» атты жедел профилактикалық іс-шарасы да өткізіліп жатыр.
«Жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерге бармауына және әкімшілік құқық бұзушылық жасамауына, сондай-ақ түнгі уақытта заңды тұлғаның ілесіп жүруінсіз немесе қадағалауынсыз жүрмеуіне шақырамыз», - дейді Мақат стансасының желілік полиция бөлімшесінің бастығы Ернұр Құлманов.
"МТ"
Сурет: ашық дереккөз