Сот төрағасы ажырасудың алдын алуға кеңес берді

(0 Votes)

"Осы өмірге лайық, отты жағып" отау тігіп, айнымасқа серттескен жас-жұбайлардың шаңырағы құрылар-құрылмастан шайқалып шыға келетіні кім-кімді де алаңдатпай қоймайды.  

Статистикалық мәліметке сүйенсек, «төбе шашыңызды тік тұрғызады». Аудандық сотпен 2019 жылы 84, ал 2020 жылы 83 некені бұзу туралы істер қаралған. 2020 жылы некені бұзу туралы істердің саны 2019 жылға қарағанда 1 пайызға өскен. Әрине, бұл жағдайға көпшілік халық қол қусырып, бейқам қарап отыруға болмайды. Себебі, әрбір бала толық отбасында өмір сүруге құқығы бар. Бұзылған некеден кейін кәмелет жасына толмаған бала ата-анасының махаббаты жетіспейтіндігін және оларға ата-анасының бөлек тұратындығы психологиялық тұрғыдан зиян келтірілетіні анық.

Осы мәселеге бей-жай қарамайтынын білдірген Мақат аудандық сотының төрағасы Г.Чингисов онлайн форматта іс-шара ұйымдастырды. Төраға Мақат аудандық азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің және Мақат кенті әкімі өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңнамасының талаптарын, яғни некені бұзуға қатысты азаматтық істер бойынша түсіндірме жүргізді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 17-бабы 1) және 2) тармақтарына сай, Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады.

 Егер ерлі-зайыптылардың біреуін сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса, сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса, қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 17-бабы 1) және 2) тармақтарына сай, тіркеуші органдарда неке бұзылуға жататын талаптары көрсетілген. Алайда, осы бапта көзделген талаптар көрсетілсе де, азаматтар некені бұзу туралы талабымен сотқа жүгініп жатады. Сондықтан, егер азаматтар некені бұзу туралы талаппен жүгінер алдында, АХАЖ органдырына жүгінуі тиіс.

"Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың араларында некені сақтап қалуға ниеті болмаған кезде көп жағдайда ортақ мүлікті бөлу туралы даулар туындап жатады. Бұл жөнінде азаматтарға неке қиюға ниет білдіріп, арыз берген кездерінде азаматтарға неке және отбасы туралы кодексінің талаптары, оның ішінде неке қию кезінде неке шартын жасасу туралы түсіндірілсе, болашақта даулар санының азаюына үлкен септігін тигізер еді",-дейді Г. Чингисов.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 41-бабы 1) тармағында, Ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.

 Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де қатысты жасалуы мүмкiн.

Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін, өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы екендігі көрсетілген.

Шара барысында төраға "АХАЖ органының қызметкерлері тарапынан неке қиюға ниет білдірген азаматтарға неке және отбасы туралы заңнамасында көзделген неке шартын жасасу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсе",-  деп өз ұсынысын жеткізді.

 

А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT