Құтқарушылар Түркістан облысында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуін тапты (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Түркістан облысының құтқарушылары Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 адамның үшеуін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда»,-деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ресми өкілі Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.

{ytvideo https://youtu.be/2bF5on6GrVQ|16:9}

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің атты патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ

«Қазавиақұтқару» кәсіпорнының екі тікұшағы жұмылдырылды.

inform.kz

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT