Қасіретті күн жадымызда

(0 Votes)

31 мамыр - ел тарихындағы ең қайғылы да, қасіретті қаралы күндердің бірі.

Ызғарлы жылдардың адамзат тарихына тигізген қауіп-қатері салдарынан қаншама қандастарымыздан айрылдық?!

1930 жылдары Қазақстан бойынша 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. Сол зұлмат жылдарда 963 лагерь құрылып, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам Кеңес азаматтары репрессияға ұшырады. Әсіресе, бұл жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың интеллегенция өкілдері ұшырады. Ең ірі лагерь-Алжир, бұл жерде "Отанына опасыздық жасағандардың" әйелдері қамалды.

Этностық және діни тегі бөлек миллиондаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды. Біз үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау - қасиетті парыз.

Сонымен қатар 31 мамыр – ашаршылықта қаза тапқандарды еске алу күні.

Тар жол тайғақ кеше жүріп, кейінгі ұрпақтың тәуелсіздігіне қанат бітірген ата-баба еңбегі мәңгі жадымызда қалмақ. Ештеңе де, ешкім де ұмытылмайды. Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналдық. Бейбітшілігіміздің, тәуелсіздігіміздің ғұмыры мәңгі болғай!

№76 Л.Шахатов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

тарих-география  пәні  бiрлестiгi

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT