Атырауда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 53 науқас Атырау қаласынан, 3 науқас Теңіз кенішінен шығып отыр.
«Жылыой ауданында 13, Исатай ауданында 5, Қызылқоға ауданында 3, Құрманғазы ауданында 4, Махамбет ауданында 4 науқас анықталды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.
49 науқаста коронавирус инфекциясы симптомды түрде өтуде.
Атап өтерлігі, өткен тәулікте 73 емделуші сауығып шықты.
Сурет: ашық дереккөз