Наурызнама аясында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталды.
Айталық, Мақат кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен әкімдік ғимаратында жергілікті қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде облыстық байқаулардың жеңімпаздары Мария мен Айгул атты қолөнершілер өз қолдарынан шыққан өнерлерін тұрғындар назарына ұсынды. Бұл тұста қолөнершілер қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар екендігін айтады.
Сондай-ақ, қолөнер халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмірімен біте қайнасқан өміршең өнер дейді. Шараға келген қонақтар қолөнер туындыларын тамалашап, жоғары бағасын берді. Жәрмеңке соңында кент әкімдігі атынан қолөнершілерге арнайы алғыс хат табысталды.
Ә.ҚАСЫМ