Бүгін – Ұлттық киім күні

Бүгін – Ұлттық киім күні
(0 Votes)
Бүгін – ұлттық киім күні. Наурызнамада белгіленген атаулы күнге орай, елдің әр түкпірінде түрлі шара өтті. Айтулы күнге шетелдегі отандастарымыз да айрықша үн қосып жатыр. Ұлттық киім – құндылықты дәріптеудің озық үлгісіне айналғандай. Аида Ахметбек рет-ретімен..
Ұлттық киім күніне орай, Қызылордада алғаш рет «Этно Fashion» сән фестивалі ұйымдастырылды. Сыр өңірінің дизайнерлері заман талғамына сай ұлттық нақышта тігілген 150-ге жуық киім үлгісін ұсынды. Оның ішінде ши құрақпен безендірілген шапандар, түймелері жылқы сүйегінен жасалған кеудешелер бар.
 
Дана Марлен, дизайнер:
 
Мен бұны мерекеде ғана кию емес, күнделікті киіп жүрсе екен деп жасалынған дүние. Бізде енді енді осындай сұранысқа ие болып жатыр. Тапсырыстар түсіп, Дубайдан, Италиядан шақырту алып, жұмыс жасап жатырмын осы қазір бастап.
Ұлттық киім – ұлттың сәні. Ал Елордада колледждің 1-2 курс студенттері ұлттық нақыштағы киім-үлгілерін тікті. Авторлардың айтуынша, бұрынғы дәстүр мен қазіргі үрдіс үйлесім тапса, заманауи стильге сұраныс артады.
 
Айтуған Саматов, студент:
 

Біздің бірінші коллекция самартас, екіншісі ұлы дала. Бізге киімдер тіккен өте қиынға келді. Әрине бұл киімдер өте әдемі. Қазақи стильде жасалған.

Айнұр Мейіржанқызы, студент:
 
Бұл қысқа арналған пальто, қазақи стильде жасалған, өзіме қарап тұрсам қасқырға ұқсатам, ұлы стильде жасалған. Осы киіммен аттың үстінде шауып жүргендей сезінемін.
Бұл күні Түркістан облысының барлық мемлекеттік қызметкері жұмысқа ұлттық киім киіп келді. Болмысымыз бен мәдениетімізді дәріптеуге арналған бастамаға өңірдің барлық аудан-қала әкімдіктері, басқармалар мен мектеп, балабақша ұжымдары қатысты.
 
Жанат Шардарбекова, облыстық «фараб» ғылыми әмбебап кітапханасының директоры:
 
Ұлттық киім дегеніміз ұлттық код, ұлттық жад. Соны ары қарай насихаттау. Бүгінгі ұрпақтың, біздің еншімізге тиген екен. Сол аманатқа адалдық танытып, жай ғана айтып ғана қоймай, күнделікті киіп жүру арқылы насихаттау керек.
Оралда қазақы киімнің сән-салтанатын дәріптеген ұлттық үлгідегі сыныптар шеруі өтті. Шараға ай басталғалы ұлттық нақышта киім киіп жүрген 300-ге жуық оқушы қатысты.
 
Ұлттық киім күнін Еуропадағы қандастарымыз да тойлап жатыр. Еліміздің Сербиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Белградтағы қазақтар көшеге ұлттық киіммен шығып, арнайы бейнеролик түсірді.
 
Қазақтың ұлттық киімдері Сербиялықтарды тәнті етті. Белград тұрғындары арулармен қайта-қайта суретке түсіп, қамзол мен сәукелені қайдан сатып алуға болатынына қызығушылық білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT