Атырау облысы аумағында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі азаматтар жүргізушілерге келесі қауіпсіздік ережелерін ескертті:
- Автокөлікті мас күйде пайдаланбаңыз.
- Қарсы жүріс жолағына шықпаңыз.
- Жылдамдықты белгіленген шектен асырмаңыз.
- Көлік басқару кезінде ұялы телефонды қолданбаңыз.
- Жолаушыларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтаңыз.
- Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетпеңіз.
- Жаяу жүргіншілерге жол беріп, оларға мұқият болыңыз.
- Қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағыңыз.
- Басқа жүргізушілердің қозғалысына кедергі келтірмеңіз.
Осы ретте, барлық көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертеміз.
Қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі!