Атырауда “Кітапхана түні-2025” мәдени шарасы өтті

(0 Votes)

 Қалалық кітапхана қорындағы салалық әдебиеттерді кең көлемде насихаттаған “Кітапхана түні-2025” мәдени іс-шарасы Ұлттық кітап күніне орай Атырау қалалық кітапханасында өткізілді.

 Шараның мақсаты - оқырман мен кітапхананың арасында алтын көпір орнату, жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани орта қалыптастыру.

“Кітапхана түні-2025” шарасы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында көшет отырғызумен басталды. Оқырмандар мен шара қонақтары кітапхана ауласын көгалдандыруға ат салысты. Мәдени жиында мотивациялық кітаптардың көрмесі, психолог маманмен тренинг, шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округ кітапханалары мен клуб ұжымдары қойылым қойды.

Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты барлық кітапхана бөлімшелері қатысқан кеште белсенді оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT