Жұмысшы мамандығы – ел экономикасының берік іргетасы. Қазіргі заманда қоғам дамуының негізі – кәсіби және техникалық мамандықтарды игерген білікті жұмысшылар. Олар – зауытта, жолда, құрылыста, ауылда, асханада еңбек етіп жүрген мыңдаған қарапайым, бірақ өте қажетті мамандар. Жұмысшы болу – жай ғана мамандық емес, ол – жауапкершілік, еңбекке адалдық пен төзімділіктің белгісі.
Құрылысшы үйлер тұрғызады, аспаз жұртқа дәм сыйлайды, механизатор егін егеді, электрик жарық сыйлайды. Осындай мамандардың күнделікті еңбегінің арқасында мемлекет дамып, халықтың тұрмысы жақсара түседі.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл – еңбектің шынайы құндылығын танып, қоғам назарын қарапайым мамандық иелерінің абыройына бұруға бағытталған ерекше жыл. Әсіресе жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру – болашақ еңбек нарығы үшін аса маңызды қадам.
Жұмысшы мамандығы – тек кәсіп емес, бұл – өмірлік бағыт. Ел болам десең, жұмысшы мамандықты қолда!
Гүлдана СӘДУАҚАСОВА,
белсенді жас
Махамбет ауданы