Қамысты жоспарлы түрде азайтып, мал азығына пайдалануға болады

Қамысты жоспарлы түрде азайтып, мал азығына пайдалануға болады
Фото: "Прикаспийская коммуна" газеті
(0 Votes)

Қамыс өртінің алдын алудың бірден-бір жолы, бұл – оны халыққа зардабы тимейтіндей етіп жоспарлы түрде өртеу. Облыстық мәслихат депутаты Қадыржан Арыстан осындай ұсынысымен бөлісті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауы заң бойынша ерекше қорғалатын аймаққа жатады. Өйткені, бұл мемлекеттік су нысаны болып саналады. Бұл туралы 2016 жылы қабылданған арнайы заң бар. Сондықтан бұл жердегі қамысты өртеу заңсыз әрекет болып есептеледі. Міне, сондықтан ең алдымен заңнаманы өзгерту керек. Яғни, қамысты жоспарлы түрде өртеп отыру керек. Тек желдің бағытын алдын ала болжап отыру қажет болады. Мәселен, жел теңізге қарай бағытталған кезде қамысты өртесе, қала халқына ешқандай зардабы тимейді. Өткен кеңес дәуірінде қамысты жоспарлы түрде өртеп, тіпті, қажет болса шауып, 600 мың тонна қысқы мал азығын да дайындаған ғой. Есесіне, оның орнына жас құрақ шығады. Сөйтіп, қураған қамыс азайып, өрт қаупі де азайып отырған, - дейді атыраулық халық қалаулысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT